Елімізде ескі купюралар айналымнан қашан шығарылады
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов ел аумағында ескі 5 және 10 мың теңгелік купюра жаңасына қашан айырбасталатынын түсіндірді.
Фото: Kazinform
16:36 29.08.2024
«Оларды арнайы ауыстырмаймыз, яғни біз барлығын ескі купюраларды әкелуге мәжбүрлейміз деген түсінік жоқ. Екі жыл бойы ескі ақша айналымда қатар жүреді. Ескі банкноттар толығымен таусылғанша қабылданады», - деді Т. Сүлейменов елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол елімізде ескі купюралар әлі де емін-еркін айналымда болатынын айтты.
«Егер сізде ескі бес және он мың теңгелік купюралар болса, олармен төлеуге болады. Қалай болғанда да банктер оларды қабылдап, жаңасына айырбастайды», - деді ҰБ басшысы.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!