{metadescription}
Бүгін – Қазақстан Республикасының Конституция күні

Бүгін – Қазақстан Республикасының Конституция күні

Бүгін, 30 тамызда, Қазақстан халқы еліміздің негізгі заңы – Конституция күнін атап өтуде. 1995 жылы дәл осы күні жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде құқықтық негіздерін бекітіп, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде даму жолын анықтады.

Конституция – елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік құрылымын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын негізгі құжат. Оның қабылдануы елдегі тұрақтылықты, бейбітшілікті және ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етті.

Конституция күні – еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын негізгі заңға деген құрметтің көрінісі.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде