{metadescription}
Жаздың соңғы күніне арналған ауа райы

Жаздың соңғы күніне арналған ауа райы

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 31 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды: найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшейеді. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

«Абай, Ұлытау облыстарда, Батыс Қазақстан облысының батысында, Атырау облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Жетісу облысының солтүстік жартысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды синоптиктер.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде