{metadescription}
«Ертіс» шахтасында 4 адам қаза тапты

«Ертіс» шахтасында 4 адам қаза тапты

Жазатайым оқиға 31 тамызда сағат 17.30 шамасында KAZ Minerals компаниясына қарасты «Ертіс» шахтасында болған. 

«Шахтадан 4 адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі кәсіпорынның, екеуі мердігер ұйымның жұмысшылары болған. Алдын ала дерек бойынша жұмысшылар газдан уланып қалған», - деп хабарлады KAZ Minerals компаниясының баспасөз қызметінен.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды.

KAZ Minerals компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук қайғылы оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін «Ертіс» шахтасына барды.

«Кәсіпорын басшылығы мен ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания марқұмдардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді», - делінген ақпаратта.

ШҚО ТЖД дерегінше, тағы бір адам ШҚО Глубокое аудандық ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде