{metadescription}
ШҚО-дағы шахтада үстіне тас құлаған жұмысшы көз жұмды

ШҚО-дағы шахтада үстіне тас құлаған жұмысшы көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысындағы «Артемьев» шахтасында үстіне тас құлаған жұмысшы көз жұмды, деп жазады kazinform.

1 қыркүйекке қараған түні KAZ Minerals компаниясына қарасты «Артемьев» шахтасында үстіне тас құлап кеткен мердігер ұйымның үңгушісі қаза болды.

«Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссиялар құрылды. KAZ Minerals Тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук тергеуге қатысу үшін сол жерге келді», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты. Компания олардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде