Қор нарығында доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
16:39 02.09.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,92 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 482, 53 теңге.
Ұлттық банктің 2 қыркүйектегі тамыздағы ресми бағамы — 1 долларға 481,63 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге.
Еуро — 534, 46.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 483,5 теңге.
Еуро 533 — 536 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 480 теңге, сатып алу құны — 485 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,19 — 5,33 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!