Қарағандыда 6 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
Қарағанды қаласында 6 көлік бірден жол апатына ұшырады.
18:12 02.09.2024
Қарағанды облысы полиция департаменті таратқан мәліметке сенсек, 2 қыркүйек күні сағат 14:15 шамасында Қарағанды қаласының Аманжолов көшесінде 6 автокөлік бір-біріне соғылған.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан сол жерде бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жол-жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!