Ақмола облысында спорт мектебіндегі өрттен 15 бала эвакуацияланды
Ақмола облысында балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіндегі өрттен 15 бала эвакуацияланды.
Фото: Ақмола облысы ТЖД.
20:06 02.09.2024
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Степняк қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде болған.
«Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шықты. Ғимаратта болған 15 бала эвакуацияланды. Қызыл жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыды. Арада отыз минут өткенде өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді», - деп түсіндірді ведомстводан.
ТЖД қызметкерлері төтенше жағдай туындаған жағдайда «101 және «112» жедел желісіне қоңырау шалу қажеттігін еске салады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!