{metadescription}
Әр өңірде әкімдердің басшылығымен Өңірлік инвестициялық штабтар құрылады

Әр өңірде әкімдердің басшылығымен Өңірлік инвестициялық штабтар құрылады

Әр өңірде әкімдердің басшылығымен Өңірлік инвестициялық штабтар құрылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

«Инвестицияларды тарту бойынша экожүйені жетілдіру мақсатында «инвестор жолдарын» регламенттеу, сондай-ақ осы процесте барлық мемлекеттік органдардың рөлін айқындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Инвесторларды іздеуден бастап жобаларды аяқтауға дейін, оның ішіне бюрократиялық кедергілерден өту және квазимемлекеттік сектор тарапынан жәрдемдесуді қоса алғанда, инвестициялық циклды толық сүйемелдеу қамтамасыз етілетін болады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, Инвестициялық штабпен ұқсастық бойынша әр өңірде әкімдердің басшылығымен Өңірлік инвестициялық штабтар құрылады. Олардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, Kazakh Invest, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, арнайы экономикалық аймақтың және индустриялық аймақтың, прокуратура мен салық органдарының өңірлік өкілдері кіреді. Бұл инвесторлардың проблемаларын «осында және қазір» қағидаты бойынша жедел шешуге мүмкіндік береді.

«Бұл тәсіл 2029 жылға дейінгі Инвестициялық саясаттың өзекті тұжырымдамасында көрініс табады. Сонымен қатар, инвестицияларды тарту бойынша таргеттелген жұмыс үшін өңірлер мен жергілікті бизнестің қажеттіліктері мен бәсекелестік артықшылықтарын ескеретін Өңірлік инвестициялық бағдарламалар негізінде «инвестицияларға тапсырыстар» қалыптастырылатын болады», - деді Нұрлан Байбазаров.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде