Қызылорда облысында есірткі өсірген қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қолға түсті
Қызылорда облысында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қолға түсті.
Фото: Алматы облысы ПД
14:10 03.09.2024
Бұл бағытта Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірге арнайы іс-шара жүргізді.
«Нәтижесінде есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қолға түсті. Олар қылмыстық іс-әрекетін 2022-2023 жылдар аралығында жүзеге асырған. Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды. Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауға алынды. Тергеу аяқталып, іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!