{metadescription}
Жаңа жылдан бастап асыраушысынан және еңбек қабілетінен айырылғандар жәрдемақысы өседі

Жаңа жылдан бастап асыраушысынан және еңбек қабілетінен айырылғандар жәрдемақысы өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақыны көбейтпек. Тиісті қаулы жобасы Ашық НҚА платформасында жарияланған. 

Қаулы жобасына сенсек, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап асыраушысынан және еңбек қабілетінен айырылғандарға Әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін (2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған) жәрдемақыны 6,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр. 

Құжат 17 қыркүйекке дейін қоғам талқысында болады. 

Еске сала кетейік, биылғы 1 қаңтарда күнкөріс минимумының көбеюіне байланысты мүгедектігі бар жандарға және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем 7 пайызға көтерілген еді. 

Үкімет қаулысымен еңбек қабілетінен айырылғандар жәрдемақысы да биыл 7 пайызға өсті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде