{metadescription}
Түрмеден қашпақ болған 130-ға жуық адам мерт болды

Түрмеден қашпақ болған 130-ға жуық адам мерт болды

Конго Демократиялық Республикасында түрмеден қашпақ болған 129 адам қаза тапты. Олардың ішінде ел астанасы Киншасадағы Макала түрмесінің 24 тұтқыны ескертуден кейін оққа ұшты, тағы ондаған адам тапталып немесе тұншығып қаза болған, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.

Елдің Ішкі істер министрі Жакмен Шабани X әлеуметтік желісінде хабарлағандай, оқиға 2 қыркүйекке қараған түні түрмеде бүлік шыққан кезде болған. Құрбан болғандардан бөлек, кем дегенде 59 адам жарақат алды, түрмедегі әйелдерді зорлаудың бірнеше оқиғасы да тіркелді.

Бүлік кезінде тұтқындардың қашып үлгеру-үлгермеуі белгісіз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қауіпсіздік күштері қаза болғандарды түрмеден көліктермен алып шыққанға дейін бірнеше сағат бойы атыс естілді, деп хабарлайды AFP.

ІІМ басшысы түзеу мекемесіне айтарлықтай материалдық шығын келгенін мәлімдеді – түрменің әкімшілік ғимараттары, түрме ауруханасы және азық-түлік қоймасы толығымен өртеніп кеткен.

Макала түрмесі – Конго Демократиялық Республикасындағы ең үлкен түрме. Ол 1500 тұтқынға есептелген, бірақ ресми статистика бойынша онда бұдан 10 есе көп – 14 мыңнан 15 мыңға тұтқын бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде