{metadescription}
Павлодар облысынан әскер қатарына 800-ге жуық бозбала аттанады

Павлодар облысынан әскер қатарына 800-ге жуық бозбала аттанады

Жас сарбаздар Отан алдындағы борышын Ұлттық ұлан, Қарулы күштер және Шекара қызметінде өтейді.

Биыл Павлодар облысынан әскерге 800-ге жуық адамды шақыру жоспарланған. Күзгі әскерге шақыру науқаны 2 қыркүйекте басталды. Әскерге шақырылушылар медициналық тексеруден өтеді.

- Біздің Павлодар облысына берілген жоспар бойынша шекара қызметіне 80 азаматты шақырамыз. Қарулы күштер қатарына - 250, Ұлттық ұлан қатарына 270-тей азамат алынуы керек. Оның ішінде мемлекеттік күзет қызметі бар. Төтенше жағдай министрлігінің қатарына 20 адам алынады. Барлығы 786 жас азаматты әскер қатарына шақырамыз, - дейді өңірлік қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Алмасбек Бұхарбаев.

Былтыр көктемде Ертіс-Баян өңірінен 862 жас сарбаз әскер қатарына аттанған. Қазір олар азаматтық борышын атқарып жүр. Әскер қатарына шақырылмас бұрын ел азаматтары бақылаудан өтеді. Арнайы комиссия денсаулығы мен физикалық дайындығын тексереді.

Былтырдан бастап Қорғаныс министрлігінің бекітілген бұйрығына сәйкес, Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтар ұлттық бірыңғай тест тапсырмай белгілі бір жоғары оқу орындарына тегін оқуға түсе алады. Бұған қоса, биылдан бастап несиесі бар сарбаздарға кредиттік демалыс қарастырылған.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде