{metadescription}
Жамбыл облысында прокурорлар инвестордың артық төлеген 1,9 млрд теңгесін қайтаруға ықпал етті

Жамбыл облысында прокурорлар инвестордың артық төлеген 1,9 млрд теңгесін қайтаруға ықпал етті

Жамбыл облысында прокурорлық ықпал ету шаралары арқылы облыстағы ірі инвестор «Казфосфат» ЖШС-не табиғатқа эмиссия салығының артық төленген сомасын қайтаруға көмек көрсетілді.

Жамбыл облсытқы прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қауіпті және қауіпті емес қалдықтарды көму үшін жергілікті атқарушы органдар тарифтік мөлшерлемені бекіткен. 

Алайда Тараз қаласында мөлшерлеме бекітілмей, серіктестіктен 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2023 жылдың 9 ақпаны аралығында төлемдер тұрақты түрде алынып отырған. 

Кейін анықталғандай, төлемдер нормадан асып, кәсіпорын 1,9 млрд теңгені артық төлеген.

Дегенмен Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы инвесторға салықтың тиісті түрі бойынша алдыңғы төлемдерге артық төленген соманы қайтарудан және есепке алудан негізсіз және бірнеше рет бас тартқан.

Нәтижесінде, енгізілген прокурорлық ден қою актісі бойынша инвестордың болашақ төлемдеріне артық төленген 1,9 млрд теңге сомасы есепке алынып, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сол сияқты, қазіргі таңда облыста эмиссиясы үшін 3 млрд теңгеден астам соманы екі есеге артық төлеген 45 кәсіпкер анықталды.Осы фактілердің барлығы бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде