{metadescription}
Алматыда көліктен ер адамның мәйіті табылды

Алматыда көліктен ер адамның мәйіті табылды

Алматы қаласындағы Нұрлытау шағын ауданында көліктердің бірінен басына оқ тиген ер адамның денесі табылды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы жағдайды растады.

«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде