{metadescription}
Мәжіліс Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасының жаңа редакциясын және оған ілеспе заң жобасын мақұлдады, деп жазады kazinform.

Заң жобасын әзірлеу кезінде ТМД елдерінің, сондай-ақ Германия, Польша, Түркия және басқа да елдердің тәжірибесі зерттеліп, бірқатар новеллалар ұсынылған.

«Азаматтық-құқықтық тұтынушылық дауларды шешу тәртібі көп сатыдан екі сатыға дейін жеңілдетіледі. Екіншіден, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның базалық қағидаттары салалық реттеу мен осы саладағы тиісті мемлекеттік органдардың құзыретін сақтай отырып, қаржылық қызметтерден басқа барлық қызмет көрсету салаларына қолданылады. Нәтижесінде уәкілетті орган тұтынушы құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру жөніндегі өз функциясын толық іске асыра алады», - деді Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Мәжілістің жалпы отырысында.

Үшіншіден, заң жобасында тұтынушылардың белгіленген және белгіленбеген тобы туралы ұғымдар бөлінген. ЕАЭО бірқатар елдерімен ұқсастығы бойынша Омбудсмен мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер тұтынушылардың белгіленбеген тобына қатысты сотқа талап қою құқығына ие болады.

Төртіншіден, егер сотқа дейінгі кезеңде кәсіпкерге жүгінген сәттен тұтынушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілмесе, азаматтық процесте тұтынушының пайдасына сот өндіріп алатын айыппұл түрінде кәсіпкердің азаматтық құқықтық жауапкершілігі енгізіледі.

«Бұл құқықтық құрал кәсіпкерлерді тұтынушылармен азаматтық дауды сотқа дейін шешуге ынталандыруға бағытталған. Шет елдердің осындай тәжірибесі сотқа өтініштердің айтарлықтай төмендеуіне әкелген. Бесіншіден, онлайн саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша түзетулер ұсынылады», - деп толықтырды министр.

Алтыншыдан, тұтынушылар қауымдастығы айтқан құқықтық кемшіліктер жойылды. Атап айтқанда: 
• кәсіпкерлік субъектілердің «E-tutynushy» ақпараттық жүйесіне міндетті емес тіркелу туралы нормасы алынып тасталды;
• қайтаруға жатпайтын тауарлар тізімінен медициналық бұйымдар, ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары алынып тасталды;
• авиабилеттерді сатып алу және туристік қызмет көрсету туралы шарттар бойынша 100% қайтарылмайды деген ұғым алынып тасталды;
• тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне тауарлар мен қызметтерді бақылау сатып алу мүмкіндігі берілді;
• несиеге сатып алған тауарларды қайтару шарттары белгіленді.

Сонымен бірге, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтына ұқсас тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институты енгізіледі.

Ілеспе заң жобасында негізгі заң жобасына сәйкес келтіру мақсатында екі кодекске: ҚР Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу, сондай-ақ: Көлік, Туристік қызмет, Сауда қызметін реттеу, Ақпаратқа қол жеткізу, Табиғи монополиялар туралы 5 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобалары барлық мемлекеттік органдармен, соның ішінде Бас прокуратурамен және Жоғарғы Сотпен келісілген. Заң жобалары Мәжілістің барлық жеті комитетінде қаралып, қолдау тапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде