{metadescription}
Домбыраны ұшақ бортында алып жүру үшін жүк тасымалдау шарттары өзгеруі мүмкін

Домбыраны ұшақ бортында алып жүру үшін жүк тасымалдау шарттары өзгеруі мүмкін

Көлік министрлігі әуе компанияларымен бірлесіп, домбыраны ұшақ бортында алып жүру мәселесін талқылап жатыр.

Бұл туралы Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Мәжілісте айтты. 

«Өздеріңіз білесіздер, әуе компаниялары бортқа қазақтың қасиетті қара домбырасын кіргізбейді. Бұл біздің ұлттық намысымызды қорлау деп түсінеміз. Қазақтың қасиетті домбырасы қатардағы жүк емес. Біздің ұлттық құндылығымыз. Бүгінгі таңда қасиетті домбыраға қалай болса солай қарау біздің ұлттық намысымызға тиеді. Сондықтан әбден тайраңдап кеткен әуе компанияларын қашан тәртіпке шақырасыздар? Киелі домбыраны әрбір өнер өкілі өзімен алып кіруі керек деп ойлаймын», - деді Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.

Өз жауабында Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев әуе кемелерінде музыкалық аспаптарды тасу олардың габариттеріне байланысты екенін тағы да еске салды.

«Кейбір аспаптарды қазіргі әуе кемелерінің сөресіне орналастыру мүмкіндігі жоқ. Соған байланысты осындай сұрақтар туындап жатыр. Қазіргі уақытта әуе компанияларымен бірлесіп, осы шаруаны шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Керек болған жағдайда жол жүгін, қол жүгін тасымалдау шарттарына өзгерістер енгізуге дайындалып жатырмыз. Барынша осы мәселені әуе кемелерінің мүмкіндіктеріне байланысты шешуге тырысып жатырмыз», - деді С. Аблалиев.

Еске салсақ, былтыр айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Fly Arystan ұшағына домбырасын алып кіруге рұқсат берілмегенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған еді. Кейін Мәжіліс депутаты ұшақтарға ұлттық аспаптарды кіргізбеуге қатысты әуе компанияларының әрекетін сынға алды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде