Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Фото: Akorda
13:35 04.09.2024
Президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!