{metadescription}
Ақтөбенің Қопа ауылында жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Ақтөбенің Қопа ауылында жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Темір ауданы Қопа ауылында оқушылар жанжалынан соң бір жасөспірім көз жұмды. Қазір екі күдікті ұсталды.

Оқиға 2 қыркүйек күні болған. Қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.

- Кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша Темір ауданы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді. Екі күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Темір ауданының әкімдігі болса, бұл жағдайға қатысты мынандай пікір білдіргенен. 

- Балалар мен жастарға түсіндіру жұмысы үнемі жүргізіліп тұрады. Ал кешегі жағдай полицияға мәлім. Қазір ештеңе айта алмаймыз. Қопа ауылының балалары өте тамаша. Бәрі кішкентайынан бастап түрлі спорт үйірмесіне қатысады. Асық та ойнайды. Көшелері тап-таза, үлгілі. Бұл жағдайды өзіміз деп түсінбей отырмыз. Ұйымшыл балаларды өзгелерге үлгі етіп айтып отырамыз, көрсетеміз. Қазіргі кезде сабақ қалыпты өтіп жатыр. Кеше облыс орталығынан комиссия келіп, ата-аналардан да түсініктеме алды, - деді Темір ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Нұралы.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде