{metadescription}
Алматыға келген шетелдік туристер қайтадан туристік жарна төлеуі мүмкін

Алматыға келген шетелдік туристер қайтадан туристік жарна төлеуі мүмкін

Алматыда шетелдік туристерге арналған жарна қайтадан енгізілуі мүмкін.

Бұл туралы Алматы қаласының мәслихаты хабарлады. 2022 жылы еліміздің аумағында шетелдіктерге арналған туристік жарна енгізілген болатын. Оның негізінде Алматы қаласының мәслихаты 2023 жылдың 15 қыркүйегінде шаһарға саяхаттап келген шетелдік туристер 0,5 АЕК (1846 теңге) көлемінде жарна төлеуді міндеттеген. Қалалық Туризм басқармасының мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың 17 қаңтары мен осы жылдың 1 ақпанына дейін бюджетке 650 миллион теңге табыс түскен, деп жазады kazinform.

Алайда ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылдың 27 желтоқсанындағы № 347 бұйрығымен Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік ставканы бекітілді және 2024 жылы 21 ақпан күні Алматы мәслихаты шетелдік туристер үшін жарна құнын 0 теңгеге өзгертті.

Кезектен тыс XIV сессия барысында депутаттар Алматы қаласының ерекше мәртебесін пайдалана отырып, шетелдік туристерге арналған жарнаны мегаполис үшін қайта қарау керек екенін атап өткен болатын.

- Біз бұл ережені қыркүйекте қабылдап, енді оны тоқтатып жатырмыз. Неге біз өз еркімізбен бюджетке түсетін қаржыдан айырылуымыз керек деген сұрақ та орынды. Енді комиссиямен бір шешімге келдік, министрдің атына депутаттық сауал жолдаймыз. Министрлік біздің сауалымызға оң жауап берген жағдайда, бұл сұраққа қайтып келеміз. Алматы қаласына ерекше мәртебе берілді, соны қолдануымыз керек. Қаланың пайдасын ескеру қажет, өйткені кейде басқа өңірлер мен Алматының мақсат-мүдделері келіспеуі мүмкін, - деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Кәсіпкерлік, инсвестициялар, туризм және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Руслан Идрисов.

Осы орайда Kazinform Алматы мәслихатына сауал жолдап, туристік жарнаның қайтарылуы туралы сұрады.

- Осы жылдын сәуір айында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне туристік жарнаның есептік ставкаларын және тікелей ставкаларды айқындау жөніндегі қағидаларды өз бетінше бекіту бойынша жергілікті өкілді органның құзыретін беру бөлігінде Алматы қаласының мәслихаты тарапынан ұсыныс жасағанын хабарлайды. Қазіргі уақытта аталған ұсыныс министрліктің қарауында, - делінген мәслихат жауабында.

Туризм және спорт министрлігінде туристік жарнаның мөлшерлемесін жылына 2 рет өзгертуге мүмкіндік бар екенін нақтылап өтті.

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығымен Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидалары бекітілді. Туристік жарна мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың негізінде әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады. Осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ жылына екі реттен жиі емес, маусымдыққа байланысты туристік жарна мөлшерлемелерінің мөлшерін өзгертуге рұқсат беріледі. Шетелдіктер үшін туристік жарна республикалық маңызы бар қала, астана және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері үшін салықтық емес түсімдер, - деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде