{metadescription}
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 7 қыркүйекте түнде республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батыс антициклонның екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Республика бойынша түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі, топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады", - деп хабарлады метеорологтар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде