{metadescription}
Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Жандос Бүркітбаев ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды. Ведомство өкілдері бұл ақпаратты растады.

Ж.Бүркітбаев бұл лауазымда 2021 жылдың қаңтарынан отыр.

Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында туған. Ол 1996 жылы С.Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2003 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мелекеттік және жергілікі басқару» мамандығы бойынша және 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік медицина академиясын «Фармация» мамандығы бойынша, 2018 жылы «ҚДСЖМ» қазақ медициналық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық клиникалық жедел жәрдем ауруханасында жалпы терапевт дәрігері болып бастады. Әр жылдары Алматы қаласындағы Республикалық апаттар медицинасы орталығында дәрігер, Денсаулық сақтау министрлігінде бас маман, бөлім бастығы, басқарма басшысы, Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің қызметін қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2008 жылы елордадағы «Қан орталығы» ШЖҚ МҚК басқарды.

2019 жылдың 23 қаңтарынан бастап «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығы» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2021 жылдың қаңтарында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде