{metadescription}
Қор нарығында доллар қымбаттап жатыр

Қор нарығында доллар қымбаттап жатыр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,69 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 483,57 теңге.

Ұлттық банктің 4 қыркүйектегі ресми бағамы — 1 долларға 482,74 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,44 теңге. 

Еуро — 532,70.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 484 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 485 теңге.

Еуро 533 — 537 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 481 теңге, сатып алу құны — 486 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,30 — 5,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде