{metadescription}
Ақмола облысында көлік пен трактор соғысып, 2 адам қаза тапты

Ақмола облысында көлік пен трактор соғысып, 2 адам қаза тапты

Ақмола облысында «УАЗ» көлігі жолдың шетінде тұрған трактор тіркемесіне соғылып, екі адам көз жұмды.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Ерейментау-Еркіншілік-Аршалы» тас жолының 14 шақырымында, яғни Тайбай ауылының тұсында болған.

УАЗ «Патриот» көлігі жолдың шетінде бұзылып тұрған трактор тіркемесіне соғылған. Салдарынан автокөлік жолаушысы алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмса, 28 жастағы жүргізушісі ауруханада қайтыс болды.

«Анықталғандай, тіркеменің жарық шамдары жанбаған және тракторға қосылмаған. Сонымен бірге, апаттық белгі де қойылмаған», - деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жолдарда өте қырағы болуға, жол қозғалысының қарапайым ережелерін сақтауға шақырады.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде