{metadescription}
Сенат Қырғызстанмен арада сауданы ұлғайтуға арналған құжатты мақұлдады

Сенат Қырғызстанмен арада сауданы ұлғайтуға арналған құжатты мақұлдады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

Келісімнің мақсаты - Қазақстан жағынан «Қарасу» және Қырғыз тарапынан «Ақ-тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешен құру.

Сенатор Бауыржан Қаниевтің айтуынша, Қазақстанның Қырғызстанмен өзара саудасы қарқынды дамып келеді. 2020 жылдан бастап екі ел арасындағы тауар айналымы 2 есеге өсіп, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1,6 млрд АҚШ долларына жетті.

«Екі елдің мемлекет басшылары 2030 жылға дейін тауар айналымын екі есеге ұлғайту және оны 3 млрд АҚШ долларына жеткізу бойынша тапсырма қойып отыр. Осыған байланысты «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешен құру екіжақты ынтымақтастықты жандандыру әрі өзара тауар айналымын ұлғайтуға, сонымен қатар үшінші елдермен сауданы кеңейту және халықаралық тауар өндіруші жүйелерге тиімді ықпалдасу үшін қажетті қадам жасауға бағытталған», - деді депутат.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мәліметінше, ИСЛК құрудың және оның жұмыс істеуінің негізгі міндеттері қоймаға жинау, сақтау, шоғырландыру, қайта өңдеу, жаңа тауарлар өндіру әрі оларды халықаралық тауар өткізуші жүйелерге тиімді интеграциялай отырып, одан әрі өткізу саласындағы өндірістік кооперацияны қамтамасыз ету.

Сондай-ақ онда қысқа мерзімді өткізу, логистика, сауда орындарын жалға алу, тауарларды көтерме партиялар бойынша шоғырландыру және қайта бөлу, тиеу және түсіру, экспорттық-импорттық операциялар бойынша құжаттамаларды ресімдеу, заңгерлік әрі қаржылық консультациялар қамтылады.

Келісімге сәйкес ИСЛК-нің жалпы алаңы 7,6 шаршы км құрайды, оның ішінде Қазақстан бөлігінің алаңы – 3,6 шаршы км, ал Қырғызстан бөлігінің алаңы 4 шаршы км құрайды.

Келісімді іске асырудан мынадай оңтайлы нәтижелер ескерілген:

- өндірістік кооперация, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құру;

- ет және ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу үшін жағдайлар жасау;

- логистика мен кәсіпкерлік қызмет объектілерін жақсарту;

- жаңа технологияларды тарту;

- ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өткізу, сақтау әрі қайта өңдеу;

- жаңа тауарларды өндіру және оларды халықаралық тауар өткізу жүйелеріне тиімді интеграциялай отырып одан әрі өткізу.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.