{metadescription}
Шымкентте полицейді капотқа салып сүйреген ер адамға үкім шықты

Шымкентте полицейді капотқа салып сүйреген ер адамға үкім шықты

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында билік өкіліне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамға билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты денсаулығына қауіпті күш қолданды деген айып тағылған. Сотта анықталғандай, С. 07.06.2024 жылы автокөлігін Шымкент қаласының Елтай елді мекені тас жолымен басқара отырып, ППП-ның инспекторы Т.-ның тоқтатып, автокөлігінің жарық шамы стандартқа сай еместігі себепті хаттама толтыратынын ескерткенінде, автокөлігін кері бағытқа бұрып, Т. оның автокөлігінің алдына тосқауыл болып тұрып алған кезінде алға жүріп, Т. автокөліктің капот бөлігіне жатып қалғанында біраз жүріп барып тоқтаған.

Сотталушы кінәсын мойындап, өзіне жеңіл жаза сұрады. Айыпталушы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде