{metadescription}
Петропавлда вейп сатып жүрген жастар ұсталды

Петропавлда вейп сатып жүрген жастар ұсталды

Петропавлда вейп сатуды кәсіпке айналдырған үш күдікті ұсталды.

Олардан 200-ге жуық электронды темекі тәркіленді. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілерді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұстады. Петропавлдың 24 жастағы тұрғыны мен Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғыны Жұмабаев көшесіндегі үйдің ауласында қолға түсті. Қала тұрғынына тиесілі Mazda автокөлігінен 26 вейп тәркіленді.

Полицейлердің айтуынша, жастар бұл өнімдерді Telegram арқылы сатқан. Осы қылмысқа қатысы бар тағы бір күдікті - 18 жастағы Петропавл тұрғыны Lada автокөлігімен Пушкин көшесіндегі үйлердің ауласында ұсталды. Полиция қызметкерлері көліктің жүк салғышынан 154 электронды темекіні тәркіледі.

«Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейп), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Еске салайық, биылдан бастап вейптерді сатуға тыйым салынған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясына сәйкес қылмыс жасағандарға 200 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынады немесе 50 тәулік мерзімге қамауға алуға дейін жауапкершілік қарастырылған», – дейді СҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Рахат Нұрахметов.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.