{metadescription}
Алматыда 9-20 қыркүйек аралығында жылу жүйелерін сынақтан өткізу басталады

Алматыда 9-20 қыркүйек аралығында жылу жүйелерін сынақтан өткізу басталады

2024 жылғы 9 қыркүйек пен 20 қыркүйек аралығында Алматы қаласының барлық аудандарында жөндеуден кейін жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізу жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылу желілерін сынау кестесі:

9 қыркүйек

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова.

9-13 қыркүйек аралығында

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уәлиханов;

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлов – Жәңгілдин – Райымбек – Құратов – Гоголь.

10 қыркүйек

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шағабутдинов – Розыбакиев;

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.

10 және 11 қыркүйек

Әуезов, Наурызбай және Алмалы аудандары: Абай – Райымбек – Яссауи – Гайдар.

10-20 қыркүйек аралығында

Бостандық ауданы: Асқаров — Мирас шағын ауданы – "Алматы" шипажайы — Сайын — Әл-Фараби — "Қазақфильм" шағын ауданы — Рысқұлбеков — Каблуков — Басенов — Өтепов — Розыбакиев — Жароков — Алмагүл шағын ауданы — Ходжанов — ҚазҰУ — Тимирязев – Назарбаев;

Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Ходжанов – Әл-Фараби – Алмагүл шағын ауданы;

Орбита-1,2,3,4 шағынаудандары – Сайын – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Басенов;

Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – Ішкі істер министрлігінің шипажайы.

11 қыркүйек

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда.

12 қыркүйек

Наурызбай ауданы: Жобаланған (аумақ) – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш;

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.

12 және 13 қыркүйек

Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Каримов.

13 қыркүйек

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағын ауданы.

16 қыркүйек

Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов – БАК-тың оңтүстік жағы;

Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский – Рысқұлов – Сейфуллин.

16-20 қыркүйек аралығында

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Панфилов – Шевченко – Желтоқсан – Сәтбаев – Байтұрсынов;

Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Есентай өзені – Гоголь;

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Қорған – Сәтбаев – Чайковский.

17 және 18 қыркүйек

Әуезов және Алмалы аудандары: Рысқұлбеков – Үлкен Алматы өзені – Сайын – Қуанышбаев.

18 қыркүйек

Алатау ауданы: Райымбек – Отырар көш. – Рысқұлов – Н.Данченко;

Алмалы ауданы: Шокин — Емцов — Қарасай батыр — Райымбек.

18 және 19 қыркүйек

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Сәдуақасов.

20 қыркүйек

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Мақатаев – Розыбакиев – Шәріпов.

Аталған аумақтардың шеңберінде тұратын барлық тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, - деді "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

Қалалық жылу беру кешенін алдағы жылу маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жағдайын тексеру және құбырлардың проблемалық аймақтарын анықтау үшін аталған гидравликалық сынақтар жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.