{metadescription}
Оқушы өлімі: Ақтөбеде тағы бір оқушы күдікке ілігіп, қамалды

Оқушы өлімі: Ақтөбеде тағы бір оқушы күдікке ілігіп, қамалды

Темір ауданы Қопа ауылындағы 9 сынып оқушысының өлімінен соң алдымен екі жасөспірім қамалды.

Қазіргі кезде тағы бір кәмелетке толмаған бала күдікке ілікті. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті тағы бір адамның күдікке іліккенін хабарлады.

– Темір ауданының Қопа ауылында кәмелетке толмағандар арасында қақтығыс болып, 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Осы факті бойынша бұзақылық және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Кезекші тәулікте осы оқиғаның барлық қатысушыcы анықталды. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Жедел-тергеу тобы құрылып, қылмыстық іс Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің өндірісіне қабылданды.

Процессуалдық прокурор тағайындалды. Қазіргі уақытта объективті және жан-жақты тергеу шаралары атқарылуда. Кәмелетке толмаған үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әлеуметтік мәртебесіне, туыстық байланыстарына қарамастан, барлық кінәлі адам жауапқа тартылады. Қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды. Тергеу барысы полиция департаменті бастығының бақылауында, - деді Ақтөбе облыстық ПД бастығының орынбасары Ғалым Байжанов. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде