{metadescription}
СҚО-да биыл туберкулезбен ауырғандарға 38 млн теңге сомасында жәрдемақы берілді

СҚО-да биыл туберкулезбен ауырғандарға 38 млн теңге сомасында жәрдемақы берілді

Солтүстік Қазақстан облысында туберкулезбен ауырғандар саны азайып келеді. Былтыр жаңадан 123 адам ауырса, биыл осы аралықта 112 адамға диагноз қойылды.

Петропавлда «Қазақстанда туберкулезді тоқтатайық» деген атаумен адвокациялық кеңес өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Қазақстан «түрлі дәріге бой бермейтін туберкулез» дертіне шалдыққандар саны бойынша алғашқы 30 елдің қатарында тұр. 

Мәселен биыл СҚО-да жаңадан 123 адамда туберкулез дерті анықталған. Ауырғандардың жетеуі — 17 жасқа дейінгі бала. Десек те бұл — өткен жылдың дерегімен салыстырғанда төмен, деп жазады kazinform

«Туберкулездің алдын алу үшін тиісті шаралар қолға алынған. Фтизиопульмонология орталығында және облыстың төрт ауданында G-xpert аппараты бар. Бұл ауруды тез, әрі сапалы анықтауға мүмкіндік береді. Туберкулезді емдеу үшін жаңа препараттар қолданылады. Сырқаттар өздерін қолайлы сезіну үшін басымдық амбулаторлық және бейнебақыланатын емге беріледі. Ең бастысы — үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс, олар әлеуметтік жағдайы төмен ортадан шыққан сырқаттарға материалдық, әлеуметтік, психологиялық қолдау көрсетіп, тезірек емделіп кетуіне көмектеседі», — дейді СҚО фтизиопульмонологиялық орталық директоры Құмар Күсемісов. 

Биыл СҚО-да 85 мыңнан астам адам флюорографиялық тексерістен өткен, бұл — жоспардың шамамен 70 пайызы. Нәтижесінде жаңадан 94 сырқат анықталды. 

Жалпы қазіргі уақытта өңірде 246 адам диспансерлік есепке алынған, оның 56-сы стационарлық ем алып жатыр. 

Петропавлда және облыстың сегіз ауданында «Сенім Солтүстік» үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.

Олар емделуден жалтарып жүрген сырқаттарды анықтауға, құжаты жоқтарға жеке куәлік алуға көмектеседі. 

Бұдан бөлек ауырғандар мен олардың туыстарына психологиялық қолдау көрсетіп, материалдық турасында, соның ішінде айыппұлдарын өтеуге көмектеседі.

Биыл ұйым халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататындар арасынан 12 сырқатты анықтап, ем алудан қашып жүрген 17 адамды емдеу мекемесіне қайтарды. 

«2023 жылдан бастап облыстың барлық аудандарында туберкулезбен ауыратындарға жәрдемақы беріліп келеді. Былтыр 7 айда 328 сырқатқа 27 млн теңге берілсе, биыл жеті айда 310 адам 38 млн теңгеден астам көмек алды», — дейді Құмар Күсемісов. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде