{metadescription}
Футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы Мальтаны ірі есеппен жеңді

Футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы Мальтаны ірі есеппен жеңді

Бүгін футболдан Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын Мальта құрамасына қарсы өткізді.

Кездесудің бірінші бөлігінде бір гол соғылды. Қазақстандық шабуылшы Иван Свиридов ойынның 28-минутта есеп ашып, басымдықты арттыра түсті. Екінші таймда Айбар Абдулла 50-минутта Мальта құрамасының қақпашысын қапы қалдырды. Араға 21 минут салып, кездесудің 71-минутында Андреа Заммит бір голмен жауап қайырды. 

Кездесу аяқталуға 10 минут қалғанда Иван Свиридов тағы бір мәрте гол соғып, дубль авторы атанды. Ал, команда капитаны Әділбек Жұмаханов 90-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Осылайша қазақстандық жастар өз алаңында қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, отандастарымыз В тобында сынға түсіп жатыр. Олардың қарсыластары – Испания, Шотландия, Бельгия, Венгрия және Мальта құрамасы. 

Енді қазақстандық жастар 10 қыркүйекте Бельгияны қабылдаса, одан кейін 10 қазанда сырт алаңда Испаниямен шеберлік байқасады. Ал, 15 қазанда соңғы ойынын өз алаңында Шотландияға қарсы өткізеді. 

Қазірге дейін футболшыларымыз Венгриядан 0:3, 0:2, Шотландиядан 1:4, Испаниядан 0:4, Бельгиядан 0:1 есебімен жеңілсе, Мальтаны сырт алаңда 0:2 есебімен жеңді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде