{metadescription}
Қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық пара жүзу шебері Нұрдәулет Жұмағали Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында жүлдегерлер қатарынан көрінді. 

Қазақстандық спортшы 100 метрге брасс әдісімен (SB13 санаты) жүзуде 1:04:83 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды.

Жүзудің бұл түрінен аталмыш қашықтықта Нұрдәулет әлем және паралимпиада рекордшысы, германиялық спортшы Талисо Энгельді (1:01.90) ғана алға жіберді. Қола жүлде әзербайжандық Вели Исрафиловқа (1:05.35) бұйырды.

Жарыс барысында Нұрдәулет Жұмағали Азия рекордын жаңартты. Бұған дейін Нұрдәулет Токио Паралимпиадасында қола жүлде алған еді.

Бүгінде Қазақстан еншісінде бес медаль бар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде