Алматы әкімінің көмекшісі ұсталғаны туралы ақпарат - жалған
Әлеуметтік желіде Алматы әкімі көмекшісінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл хабарламада Алматы облысы Іле ауданы әкімінің фотосы көрсетілген.
Фото: Алматы әкімдігі баспасөз қызметі
09:48 06.09.2024
Алматы қаласының әкімдігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
«Алматы қаласының әкімдігі жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдейді. Еске салайық, заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», - деп мәлімдеді әкімдік баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!