{metadescription}
Қостанай облысында алдағы жылы тасқын су көп болады деген болжам бар

Қостанай облысында алдағы жылы тасқын су көп болады деген болжам бар

Қостанай облысында келесі жылы тасқын су көп болады деген болжам жасалды. Бұл алдын ала қорытынды, ал Қазгидромет ресми гидрологиялық болжамды 2025 жылдың 1 ақпанына қарай шығарады. Алдағы маусым туралы ақпаратпен Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бөлісті.

Қазіргі кезде Қаратомар су қоймасынан су жіберу 40,0 м3/сек, толу деңгейі 85% құрайды. Су қоймаларының көлемі біршама азаюда, бұл жаздың салыстырмалы түрде салқын, жауын-шашынның көп мөлшері және су қоймасы бетінен судың булануының аз болуымен байланысты.

«Қазақ су шаруашылығының» мәліметінше, биылғы жылдың вегетациялық кезеңінің соңында су қоймаларының қажетті бос көлемін қамтамасыз ету үшін ағызылатын су көлемі ұлғайтылуы мүмкін. Қаратомар су қоймасынан 2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап жоспарлы су жіберу 50 м3/сек, 23 қыркүйекте 70 м3/сек құрайды», - деп мәлімдеді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Өміржан Тұқышев.

Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларынан су жіберу көлемінің жоспарлы ұлғаюына (70 м3/сек дейін) байланысты Тобыл өзенінің алқабында орналасқан Қостанай қаласындағы «Садовод саяжай қоғамдастығын су басу қаупі бар. Ағыстың төменгі жағындағы гидробекеттегі су деңгейі 404 см, қауіпті деңгейі – 600 см.

Өткен көктемде болған су тасқыны жағдайын ескере отырып, мұзды қопсыту үшін жарылыс жұмыстарының қажетті көлемін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қала және аудан әкімдіктеріне жарылыс көлемін көрсету бойынша өтінімдер туралы сұраныс жіберілді.

Сондай-ақ, инженерлік және арнайы техника сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық бюджетке сәйкес, батпақта жүретін көлік пен штаттық көлік сатып алу жоспарланған.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде