{metadescription}
Мектептен өрт шығып, 17 оқушы қаза тапты

Мектептен өрт шығып, 17 оқушы қаза тапты

Кенияның орталығындағы бастауыш мектеп-интернаттан өрт шығып, 17 оқушы қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлады.

«Өрт кезінде біз 17 оқушыны мерт болды, 14-і жарақат алды. Қазір оқиға орнында біздің топ жұмыс істеп жатыр», – деді ресми өкілдер.

Ел президенті Уильям Руто бұл жантүршігерлік оқиғаны жан-жақты тексеруді тиісті органдарға тапсыратынын және кінәлілердің жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Анықтама үшін, Кенияда соңғы жылдары бірнеше мектеп өрті болды. Атап айтқанда, 2001 жылы Найроби маңындағы Кянгули орта мектебінің жатақханасынан өрт шығып, 58 оқушы қаза тапқан. 2012 жылы Кенияның батысындағы Хома-Бэй округіндегі мектепте сегіз оқушы дәл осындай себеппен қаза болды.

2017 жылдың қыркүйегінде ел астанасы Найробиде мектеп өртеніп, тоғыз оқушы қаза тапқан болатын.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде