Шетелде қашып жүрген 3 қылмыскер елге қайтарылып, сотталды
Бас прокуратура халықаралық іздеудегі 3 адамды тауып, сотталуына мұрындық болды.
16:37 06.09.2024
Прокуратура органдарының бағыттарының бірі халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласы болып табылады.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін елордада қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 8 қылмыскер экстрадицияланды. Қазіргі таңда экстрадицияланғандардың үшеуі сотталды.
Telegram қосымшасын пайдалану арқылы «мефедрон» психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2 жыл бойы іздеуде болған.
Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарна алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Келген шығын — 85 млн теңгеден астам.
Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды.
Елорда прокуратурасы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласында құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тұрақты негізде үйлестіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!