{metadescription}
ШҚО-да жаңадан құрылған Марқакөл ауданына әкім тағайындалды

ШҚО-да жаңадан құрылған Марқакөл ауданына әкім тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауданынан бөлініп шыққан Марқакөл ауданының әкімі болып Рүстембек Кемешев тағайындалды.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Марқакөл ауданына жұмыс сапары барысында жаңа әкімді тұрғындарға таныстырды. 

Аудан әкімі болып Рүстембек Кемешев тағайындалды. Бұған дейін Марқакөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. 

«Рүстембек Кемешев 2019 жылдан бастап Марқакөл ауылында жұмыс істейді. 2020 жылдан бастап ауылдық округ әкімінің міндетін атқарған. Сондықтан жаңадан құрылған ауданның жағдайын біледі, келешегі мен осал тұстарын түсініп, ең бастысы Марқакөлдің тыныс-тіршілігін жақсы жаққа өзгертіп, еңбек етуге дайын», — деді облыс әкімі. 

Рүстембек Нәбиолдинұлы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Горный ауылының тумасы.

1996 жылы Теректі мәдениет үйінде ұйымдастырушы лауазымынан бастаған. 

1999-2003 жылдары № 2 Теректі орта мектебінің ән және музыка пәнінің мұғалімі болды.

2019 жылға дейін Марқакөл балалар саз мектебінің директоры лауазымын атқарған.

2019 жылдан осы уақытқа дейін Күршім ауданы Марқакөл ауылдық округінің әкімі болды. 

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде