{metadescription}
Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті

Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құтқарушылар мәліметінше, бүгін, 7 қыркүйекте күндіз сағат 12:01-де Мұнайлы ауданындағы "Әйгерім" мейрамханасының маңындағы жолда қоқыс таситын көліктен өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:09-да жетті.

Өрт сөндірушілер келгенше 120 литрлік газ баллоны жарылған. Салдарынан жарылыс толқынынан әйнек сынып, 20 метр жерде орналасқан "Ақ жол" азық-түлік дүкенінің баннеріне зақым келген.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік толығымен өртеніп кетті.

Өрт сағат 12:19-да сөндірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде