{metadescription}
Астанаға кіреберісте жүк көліктерінің салмағын өлшейтін жүйе іске қосылды

Астанаға кіреберісте жүк көліктерінің салмағын өлшейтін жүйе іске қосылды

Астана қаласына негізгі кіреберіс жолдарда автоматтандырылған өлшеу жүйесі іске қосылды. Құрылғы жолдардың бұзылуына жол бермеуге ықпал етеді, деп жазады kazinform.

Жүк көліктері жүк тасымалдау барысында белгіленген нормадан асқан жағдайда әкімшілік шаралар қарастырылғанын ұмытпаған жөн.

Автоматтандырылған өлшеу жүйелері іске қосылған сәттен бастап инспекция қызметкерлері салмақ параметрлерін ұстанбау және жүргізушілердің заң талаптарына бағынбау фактілерін тіркеп отыр. Мәселен, бұндай оқиға жақында Астананың айналма жолында, нақтырақ айтсақ Қызылсуат ауылының маңында тіркелді.

Бірнеше жүк көлігінің жүргізушілері көліктік бақылаудан бас тартып, оқиға орнынан қашып кетіп қалуға тырысқан. Оқиға барысында ауыр жүк көліктерінің бірі инспекцияның қызметтік машинасына механикалық зақым келтірді. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, ал көлік айыппұл тұрағына жіберілді.

«Ауыр жүк көліктерін жүргізушілерден ережелерді қатаң сақтауға және белгіленген салмақ параметрлерінен аспауға шақырамыз. Бұл нормаларды бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады», - деп атап өтті Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде