{metadescription}
Президент KIA көліктерін шығаратын зауыттың құрылысымен танысты

Президент KIA көліктерін шығаратын зауыттың құрылысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы KIA автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылыс алаңына барды.

Президентке құрылыс жұмыстары былтыр қазан айында басталғаны туралы баяндалды. Жоспарға сәйкес, конвейерден алғашқы көлік сынақ режимінде келесі жылдың шілде айында шығарылады.

KIA Qazaqstan бас директоры Ким Дэ Ки зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылатынын жеткізді. Автокәсіпорын бастапқы кезеңде Sorento моделін шығаруды жоспарлап отыр. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап жаңартылған Sportage моделі құрастырылады.

Президентке KIA зауыты жылына 70 мыңға жуық автокөлік шығара алатыны жөнінде мәлімет берілді.

Кәсіпорында жаңадан 1500 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Мұнда өндірістің тиімділігін арттыруға әрі экологиялық тұрғыдан зиянсыз етуге бағытталған технологиялық шешімдер қолданылады.

Автоматтандырылған заманауи кәсіпорынның дәнекерлеу желісінде, автокөлікті бояу және құрастыру жұмыстарына 70 робот пайдаланылады. 

Жобаның құны 200 миллион долларды құрайды, оның 80 пайызға жуығы тікелей шетелдік инвестицияның үлесінде.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа зауыттың жанынан қосалқы бөлшектер өндірісінің кластерін құру жобасы таныстырылды. Бүгінде Локализация орталығының құрылысы басталған. KIA компаниясы автокөлік компоненттері мен қосалқы бөлшектерін өндіруші жаһандық компанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

КСС Corporation компаниясы автокөлік компоненттері бөлімінің басқарушысы Пак Сэйон мен Seoyon Ehwa Global компаниясы жаһандық бизнесті басқару тобының жетекшісі Чанг Сэоквон Оңтүстік Кореяның өндірушілері Қазақстанда өз өндірісін ашуға әзір екенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде