Талдықорғанда 1284 дана вейп сатпақ болған екі жігіт ұсталды
Жетісу облысында жедел іс-шара барысында заңсыз вейп сатпақшы болған екі ер адам ұсталды.
Фото: Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
08:34 11.09.2024
18 және 22 жастағы азаматтардың бірі тауарды жеткізіп беруші, екіншісі сатушы екені анықталды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары 1284 дана вейп тәркілеген.
Жетісу облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!