{metadescription}
Астанада полиция ер адамды тонаған күдіктілерді қолға түсірді

Астанада полиция ер адамды тонаған күдіктілерді қолға түсірді

Елордада полиция ер адамды тонаған күдіктілерді ұстады. 

Polisia.kz-тің мәліметіне сүйенсек, түнде қала дүкендерінің бірінің жанында ер адамға екі жігіт жақындап, қоңырау шалу сылтауымен одан телефон сұраған. Телефон беруден бас тартқаннан кейін күдіктілер оған күш қолданып, Samsung телефонын тартып алып, қылмыс болған жерден қашып кеткен.

Алматы ауданы ПБ полиция бөлімі қызметкерлері камералардың көмегімен «ізін суытпай» күдіктілердің жеке басын анықтады. Олардың 19 және 26 жастағы жігіт екені белгілі болды. Ер адамдар мойындау көрсетпелерін берді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.