{metadescription}
Алматыда жылыту маусымы қашан басталады

Алматыда жылыту маусымы қашан басталады

Алматы әкімдігі мегаполисте жылыту маусымы қашан басталатынын хабарлады.

Өткен жылы Алматыда 10 қазаннан бастап жылу берілген болатын.

– Жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, Алматыда объектілерді кезең-кезеңімен жылуға қосу қала аумағында ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы 5 тәулік бойы +8°С және одан төмен болған кезде уәкілетті органның қаулысы негізінде басталады, - деп хабарлады әкімдіктен. 

Айта кеткен жөн, қала ғимараттарына төмендегі рет бойынша жылу беріледі:

– мектеп, емхана және медициналық-әлеуметтік мекемелер;

– тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;

– әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;

– басқа ғимараттар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.