{metadescription}
Ақтөбеде анасы мен баласын көлік қағып, 3 жасар қыз мерт болды

Ақтөбеде анасы мен баласын көлік қағып, 3 жасар қыз мерт болды

Оқиға Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында болды, деп жазады kazinform.

Әйел ауруханаға жеткізілді. Оңтүстік айналма жолда болған жол-көлік апатынан соң сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

– ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде екі жаяу жүргіншіні, анасы мен баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 жасар қыз қайтыс болып, әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Ақтөбе қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ануар Ибраев. 

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылы туған қыз аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, арада 35 минут өткенде көз жұмды. 

– Оның 1992 жылы туған анасы облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Жарақаты көп, жағдайы ауыр, - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.