2035 жылға қарай қай өңірлер энергия тапшылығына бейім болмақ
2035 жылға қарай еліміздегі электр энергиясының тапшылығы 17,4 млрд киловатт/сағатқа жетуі мүмкін.
17:41 11.09.2024
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну көлемі 152,4 млрд киловатт/сағат деңгейінде болатындығы болжанады. Сол уақытта елімізде қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған энергия көздерінің өндірісі 135 млрд киловатт/сағатқа дейін төмендейді. Демек, энергия тапшылығы 17,4 млрд киловатт/сағатқа жетуі ықтимал.
«Тапшылыққа ең бейім өңірлер – Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары кіретін энергия жүйесінің оңтүстік аймағы. Тапшылықтың басты себебі – энергия көздерінің негізгі үлесі электр желісінің солтүстік және батыс аймақтарында шоғырлануында. Оңтүстік аймақта тек 12 базалық энергия көзі бар. Олардың кейбіреулері негізінен жылумен жабдықтауға бағытталған жылу электр стансалары саналады», - деп түсіндіреді ведомстводан.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!