Астанада жасөспірімнің мүрдесі табылды
Мектеп оқушысының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растап отыр.
Фото: pexels.com
18:49 11.09.2024
«10 қыркүйекте қыз баланың мүрдесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің мәйітін тексеру барысында көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады. Қазір өлімнің себебі анықталып жатыр, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген елорда Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар Полиция департаментінен Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де деректер жария етілмейтіндігі айтылды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!