{metadescription}
Елімізде жасөспірімдерді 12 жастан қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды

Елімізде жасөспірімдерді 12 жастан қылмыстық жауапқа тарту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов кәмелет жасына толмағандар үшін қылмыстық жауапкершілікті 14-тен 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынды.

Депутат өз сауалында Ұлыбританияны мысалға келтіріп, аталған елде кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауапкершілік жасының қайта қаралғанын айтты. Оның айтуынша, балалардың қоғамға бейімделу процесі мектептен басталады. Осы орайда өскелең ұрпақтың деструктивті мінез-құлқының алдын алуда ұстаздардың ықпалы зор.

«Зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жою қажет, өкінішке қарай, кәмелетке толмаған агрессорлар жас ерекшеліктеріне байланысты жазасыз қалып жатыр. Бәлкім, Ұлыбританияның үлгісі бойынша, бізге де қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шегін қайта қарауымыз керек шығар. Кейбір қылмыс түрлерін, мысалы зорлау фактісі бойынша жауапкершілікті 14 жастан емес, 12 жастан бастап қарастыру», - деді М.Магеррамов депутаттық сауал жолдай отырып.

Оның пайымдауынша, бұл мәселеде халықаралық тәжірибеге жүгінген жөн.

«Мысалы, Жапонияда Білім министрлігі қорқытып-үркітіп, қорлауға қарсы күрес жөніндегі арнайы кеңес құрды. Оның қызметі балалар үшін қауіпсіз орта құру үшін ересектердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған», - деп атап өтті мәжілісмен.

Сондай-ақ, халық қалаулысы кәмелетке толмағандарға құқықтық тәрбие берудің арнайы әдісін енгізуді және ол туралы балалар мен жасөспірімдерді кеңінен хабардар етуді алға тартты.

Депутат жасөспірімнің криминогендік мінез-құлқының қалыптасуына моральдық, құқықтық және басқа да әлеуметтік формалардың бірыңғай жүйесінің болмауы әсер етеді. Одан бөлек, М.Магеррамовтың мәлімдеуінше, қоғамда болып жатқан оқиғалар, әскердегі өлім, буллинг, әлімжеттік басқа да зорлық-зомбылық жасөспірімнің психикасы мен іс-әрекетіне тікелей ықпалы бар.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.