{metadescription}
Лаура Мерсалимова ҚР әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

Лаура Мерсалимова ҚР әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Лаура Қанатқызы Мерсалимова әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ,аспасөз қызметі хабарлайды.

1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі АХАЖ бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2003-2010 жылдары — ҚР ӘМ жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2010-2014 жылдары — ҚР ӘМ департаменті директорының орынбасары.

2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Заң қызметі департаментінің директоры болды.

2014-2023 жылдары — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында департамент директорының орынбасары, басқарушы директор – департамент директоры.

2024 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР әділет вице-министрі (А. Қ. Мұқанова әлеуметтік демалыста болған кезде).

2024 жылдың қыркүйегінен бастап бұрын осы қызметті атқарған Алма Мұқанова басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде