{metadescription}
Астанада түнгі автобустар тоқтайды
City Transportation Systems түнгі маршруттағы автобустар тоқтайтынын хабарлады.
13:46 12.09.2024
Оқу жылы басталып, жолаушылар санының артуына байланысты, сондай-ақ, қалалық бағдарларда түнгі автобустарды пайдалану тиімдірек болатынын ескере келе түнгі маусымдық бағдарлар қозғалысын 14 қыркүйек сенбіден 15 қыркүйек жексенбіге қараған түні тоқтату жөнінде шешім қабылданды.
Айта кетсек, № 201, 202 және 203 түнгі бағдарлары іске қосылған күннен бастап 21 116 жолаушы тасымалдады.
- № 201 бағдармен 10 534 жолаушы,
- № 202 бағдар — 5 061 адам және
- № 203 бағдарда 5 521 жолаушы жүрді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары
загрузка...