Шымкенттегі колонияда ер адам қайтыс болды
Шымкент қаласының орташа қауіпсіздік мекемесінде қорқытып ақша алғаны үшін жазасын өтеп жатқан азамат қайтыс болды.
15:09 12.09.2024
Сотталғанды бұрын асқазан ауруына байланысты бірнеше рет медициналық мекемелерге апарған.
5 қыркүйекте ол тағы ауырып, Шымкент қаласының медициналық мекемесіне емделуге жіберілген.
7 қыркүйекте қайтыс болды.
«Өлімнің нақты себебін сот-медицина сараптамасының нәтижесі көрсетеді. Қорытындысы бізге әлі келіп түскен жоқ», - деп хабарлады қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жеке қауіпсіздік тобы өңірдің денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп, осы оқиғаның бүкіл мән-жайын тексеріп жатыр.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары